Алдағы уақытта күн +38°С дейін ысиды

«Батыс Қазақстандағы циклон алдағы үш тәулікте республиканың орталық және солтүстік облыстары арқылы солтүстік-шығыс бағытқа жылжиды. Алайда, осы циклонға кіретін фронттар жүйесі аймақтың оңтүстік және оңтүстік-шығыс ауа райына әсер етеді, ал 15 маусымда Қазақстанның шығыс аймағы да осының ықпалына түседі. Бұл өңірдің кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, ал солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Дегенмен жаңбырға қарамастан күн жылынады, кей жерлерде тіпті ауа температурасы +30…+38 градусқа дейін жоғарылайды», — деп хабарлады синоптиктер.

Астанада 13 маусымда: көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Оңтүстіктен 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа темпертурасы +14+16°С, күндіз +28+30°С.

14 маусымда: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Температура түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С.

15 маусымда: көшпелі бұлт шығып, оқта-текте жауын жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +25+27°С.

Алматыда 13 маусымда: көшпелі бұлт шығады, жауын жаууы мүмкін. Түнде ауа темпертурасы +12+14°С, күндіз +28+30°С.

14 маусымда: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Желдің жылдамдығы 10 м/с. Температура түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.

15 маусымда: көшпелі бұлт шығып, жауын жаууы мүмкін, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +28+30°С.

 

ДереккөзKazhydromet.kz