Елордалықтар айыппұлдың қай түрін жиі төлейді?

Астана ІІД жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, жиі салынатын айыппұл тізімін жасады:

1. Қала көркіне нұқсан келтіру, инфрақұрылым нысандарын бұзу, көгалдандырылған жерлерді жайпау фактісі бойынша – 13394 қылмыс жасалған. Оның әрқайсысына салынатын айыппұл- 45380 тенге.

2. Рұқсат етілмеген орындарда темекі шегу бойынша 9857 факті тіркелген. Оның әрқайсысына салынатын айыппұл 6807 тенге.

3. Мас күйінде қолға түсу бойынша – 8716 заңсыздық анықталған. Айыппұл-11345 тенге

4. Жұрттың тынышын алу (түн уақытында 23 00-ден таңғы 6-ға дейін)– 3 052 заңсыздық жасалған. Айыппұл-11345 тенге.

5. Бұзақылық – 2286. Айыппұл-22690 тенге немесе 10 күнге әкімшілік қамауға алынады.

6. Жөн жосықсыз жабысып-жармасу (көшеде тауарын тықпалау, қайыр сұрау, бал ашу т.т) – 968 қылмыс. Айыппұл- 11345 тенге.

 

ДереккөзBaq.kz