Айыппұлдың жартысын ғана төлеудің жолдары қандай?

Мұндай мүмкіндік ҚР Әкімшіліқ құқық бұзушылық кодексінің 810-811 бабында көрсетілген. Ал 2017 жылдың алғашқы тоқсанында осындай жолмен 1 миллиард 572 миллион теңгенің айыппұлы төленді, бұл жалпы айыппұлдардың 43 пайызы.

ҚР ІІМ өкілдері мұндай жеңілдік қандай заңбұзушылықтарға қатысты еместігін атап берді:

1) баптағы санкция бойынша өндірудің басқа түрлері қарастырылса;

2) кәмелетке толмаған тұлға заң бұзғанда;

3) басымдығы мен иммунитеті бар тұлғалар заң бұзғанда;

4) мемлекеттік кіріс органдары қарастыратын әкімшілік заң бұзушылықтар үшін;

5) әкімшілік заң бұзушылықты автоматты түрде істеп тұрған сертификацияланған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құрылғылары тіркеген жағдайда.

Еске сала кетейік, ҚР ӘҚБК-ның 811-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзылғанда қызметтік тұлға оқиға орнында хаттама толтырып, айыппұл жеті күн ішінде төленсе, жартысы ғана төленетінін түсіндіреді. Ары қарай хаттаманың көшірмесін жүргізушіге береді. Айыппұл жеті күн ішінде төленсе, іс қаралған болып есептеледі.  ІІД өкілдері айыппұлдың үкімет пайдасына төлену керектігін еске салады.

ДереккөзTengrinews.kz