Динара Сәтжан «Қазақстан» арнасының басшылығына кірді

Бұл туралы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

«Қазақстан-2050 жалпыұлттық қозғалысының белсенді мүшесі, көрікті де келбетті Динара Сәтжанды «Қазақстан» РТРК АҚ Басқармасы төрағасы Ерлан Қариннің кеңесшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз! Сіздің кәсіби тәжірибеңізді, тапқырлығыңызды, креативтілігіңізді ескере отырып, дәл осы қызметте шығармашылық әлеуетіңізді барынша жүзеге асырасыз деп сенеміз. Барлық жоспарларыңыздың сәтті орындалуын және сәттілік тілейміз, жағымды оқиғалар үнемі сізді қуантып, шабыт сыйлай берсін», – делінген «Қазақстан-2050» қозғалыс мәлімдемесінде.

ДереккөзNur.kz