Баян Есентаева әйелдердің құқығын қорғайтын ұйым ашады

Баян Есентаева әйгілі тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында жанкүйерлерін толғандырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Продюсер алдағы уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдердің құқығын қорғайтын ұйым ашатынын мәлімдеді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған ұйым ашуға дайынмын. Себебі, ет жақыныңнан жәбір көрудің қандай болатынын білемін. Мен сондай жағдайға тап болғанда қолдау көрсету үшін ешқандай ұйым хабарласпады»,- деді Баян Есентаева.

1 сағат 20 минутқа созылған эксклюзивті сұхбат жуырда Динара Сәтжанның YouTube-арнасында жарыққа шығады.

Дереккөзtoday.kz