Басты бетЖаңалықтарЕуроодақтың қорғаныс...

Еуроодақтың қорғаныс қоры құрылады

2019 жылдың соңына дейін қор зерттеу жұмыстарына 90 миллион еуро жұмсайды. Оның төрттен бір бөлігін биыл береді. Жоспарға сәйкес 2020 жылға дейін 5,5 миллиард еуроға жуық инвестиция Еуроодақтың  қорғаныс қабiлетiне бөлінбек.

ЕО Сыртқы істер министрі Федерика Модерини: «Бүгін біз Еуроодақ қорғанысының болашағы туралы құжатты қабылдадық. Қаражатты неғұрлым тиімді пайдалануды көздейтін қорды аштық. Біз әскери ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді, жауынгерлік қабілетті нығайтуды, Еуроодақтың  әскери және азаматтық миссиялары мен операцияларын өткізуді мақсат тұтып отырмыз»,- деді өз мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, НАТО-ның орнын алу немесе қандай да бір жолмен онымен бәсекелесу мақсат емес. Лиссабондық Шарттың ережесі бойынша Еуроодақ терроризмге қарсы шығу үшін  үшінші елдерге олардың өз жерлерінде азаматтық және әскери құралдар мен қолдау көрсете алады. Кезінде Франция Малиге көмектескен. Енді Еуроодақта Африка елдерінің қауіпсіздік күштерін дайындау орталығы құрылады.

Дереккөз24.kz