9 маусымдағы ауа райына болжам

Қарағанды облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аймақтарында жел 15-20 м/с артып, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысының түнде бірқатар аудандарында, күндіз басым бөлігінде жел 17-22 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерін тұман басып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с-пен жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі.

Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

ДереккөзInform.kz