8 маусымға арналған ауа райы болжамы

Солтүстік  Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз  жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20  м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі

ДереккөзInform.kz