Ақмола облысында тұқым себу жұмыстары аяқталды

Баяндамашының сөзіне қарағанда биыл облыс бойынша көпжылдық шөптерді қоса есептегенде егістік алқабының көлемі 4,7 миллион гектарды құрап отыр. Оның ішінде 4,3 миллион гектары дәнді-дақылдар, 241,5 мың гектары майлы дақылдары, 142,2 мың гектары мал азығы, 18,3 — 4,3 мың гектары картоп пен көкөніс дақылдары. Облыс бойынша көктемгі дала жұмыстарына «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ арқылы 6,8 миллиард теңге несие қаржаты төленді. Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын субсидиялау үшін 10,7 миллард теңге бөлінген. Осының нәтижесінде облыс диқандары тұқым себу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап отыр.

«Агротехникалық шараларды ойдағыдай жүргізу мен озық технологияларды қолданудың арқасында науқан ойдағыдай аяқталды.  Бұл жұмыстарға 15 мың трактор, 18 мың бірлік егіс кешендері жұмылдырылды», деп атап өтті Мұрат Балпан.