8-10 маусымға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның ауа райына әлі де болса атмосфералық фронттар әсер ететін болады. Бұл процесс Батыс Сібір арқылы жылжыған циклондармен байланысты. Сондықтан, республиканың көптеген облыстарында нөсер жаңбыр жауады, солтүстік облыстарда кей жерлерде бұршақ жауады, сондай-ақ найзағай мен күшті жел болады.

Тек қана оңтүстік-батыс, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста алдағы екі тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз және температураның жоғарылауы болжануда. Күндіз ауа температурасы 25-35 градусқа дейін көтеріледі.

ДереккөзBaq.kz