7 маусымдағы ауа райына болжам

Батыс өңірлерде ғана жауын-жашын жоқ. Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с-ге дейін жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында жел екпіні 15-20 м/с-ге дейін жетеді.

Қостанай облысында тұман болуы мүмкін.

СҚО-да жел күшейіп, тұман мен бұршақ күтіледі.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік күтіледі.

Астана қаласы: күн райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан жел 9-14 м/с-ге дейін жетеді. Түнгі температура – +7+9°С, күндіз – +20+22°С.

Алматы қаласы: күн райы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тенде ауа температурасы – +10+12°С, күндіз – +20+22°С.

ДереккөзBaq.kz