Алматы облысында қар жауды (Видео)

«Бізде таңнан бері қар жауып жатыр. Дала суық. Маусымда бірінші рет қар жауды», — дейді Кеген ауылының тұрғыны Бауыржан Орынтаев.

Сондай-ақ қар «Шымбұлақ» таушаңғылы демалыс орнында да жауды.

«Қар сейсенбі күні, 6 маусымда басталды. «Шымбұлақта» 32 миллиметр қар жауды, орташа деңгейінде 15 сантиметр, ал Солтүстік Талғарда 20 сантиметр. Қазіргі уақытта қар жауып жатқан жоқ. Күн шығып, ауа райы тамаша болып тұр! Қала көрінісі де әдемі», — деп хабарлады «Шымбұлақ» ТК баспасөз қызметі.

ДереккөзTengrinews.kz