Шымбұлақ ТМД елдеріндегі ең танымал тау курорты атанды

ТурСтат талдау агенттігі 2017 жылы жазда тынығуға ТМД-дағы ең танымал тау курорттарын анықтады. Талдау нәтижесі бойынша, Ресей туристерінің ТМД елдерінде белсенді демалатын танымал тау курорттарының үздік бестігіне Шымбұлақ (Қазақстан), Шахдаг (Әзербайжан), Цахкадзор (Армения), Шымған (Өзбекстан) және Қаракөл (Қырғызстан) кірді.

Тау бөктерінде белсенді қозғалыспен тынығуға джиппинг, тауға шығу (треккинг), тауда велосипед тебу (маунтинбайки) және квадроциклдер, атқа міну, SPA және фитнес жатады.

ДереккөзInform.kz