Үрімжі-Алматы-Астана пойыз маршруты іске қосылады

Бұл мәселе Бейжіңде өткен туризм саласындағы ынтымақтастық бойынша Қазақстан – Қытай туристік форумында талқыланды. Оған 50-ден астам отандық туроператор мен Қытайдың 300-ге жуық компаниясы қатысты.

Қазақстан қытайлық туристер үшін Астана мен Алматыда 72 сағат визасыз режим жүйесін енгізуі мүмкін. Яғни қазақ жері арқылы транзитпен өзге елге ұшып кетеді немесе осы уақыт аралығында Бурабай, Қапшағай сияқты ойын-сауық орталықтарына барып үлгереді.

Сондай-ақ, қазір Қазақстан мен Қытай қалаларына аптасына 42 әуе рейс қатынайды. Таяуда Үрімжі-Алматы-Астана және кері бағыттағы пойыз маршруты іске қосылады. Бұл EXPO-ға баратын туристер үшін ыңғайлы болып отыр.

Дереккөз24.kz