Мүгедектерді күтушілерге зейнетақы қалай төленеді?

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне қарай тағайындалады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың күтушілері тек бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы алады.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың күтушілеріне базалық зейнетақы тағайындау кезінде мүгедектерге қанша жыл қатарынан қарағаны ескеріледі. Әрине олардың еңбек өтілін 10 жыл мерзімге дейін есепке аламыз. Ал оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізу мәселесі шешімді талап етеді», — дейді Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.

Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала 18 жастан асқаннан кейін де оларды қарайтын адамдарға жәрдемақы беру мәселесін ойластырып жатыр. Кететін шығынды есептеп, Қаржы министрлігіне тиісті ұсыныс та жолдаған.

ДереккөзInform.kz