Мазмұнға өту
Басты бет / Экономика /

2018 жылы зейнетақы 45 пайызға өседі

Фото: Ашық дереккөз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенованың айтуынша, 2020 жылға дейін зейнетақы жүйесі жаңғыртылады.

«Биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап зейнетақы көлемi 20 пайызға ұлғаяды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге арналған төлем, асыраушысынан айрылғандарға төленетiн жәрдемақы 16 пайызға артады. Ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері 2016 жылғымен салыстырғанда 45 пайызға артады», — дедi Т.Дүйсенова.

Министрдiң айтуынша, бұның барлығы мемлекеттiк бюджеттен қосымша қаржының бөлiнуiн қажет етедi. Қазiргi таңда 300 млрд теңге бюджетте қарастырылған. Бұл қаржы 3 млн астам азаматты қамтиды.

Мақалаға реакция

5 Пікір

  1. М
    Молдир 9 жыл бұрын
    Балабақша қызметкерлерінің жалақысы қашан жоғарылайды?
  2. А
    Аноним 9 жыл бұрын
    Зейнет акы оскенімен. тауар мен комуслуга жоғарлайды десей
  3. С
    Сандуғаш 8 жыл бұрын
    2018 жылдан бастап жардемакысы кай уақытта түседі?
  4. А
    Аноним 8 жыл бұрын
    Мен 16жыл ҰОС ардагеріне (2 топтағы мүгедек) қарауыма байланысты жұмыс істемедім маған зейнетақы тағайындау тәртібі қалай болады екен...?
  5. А
    Аноним 8 жыл бұрын
    Зейнетке шыққанда инвалидтік ақша қосыла ма?Егер ол адам алдында инвалидтік төлем алып жүрсе