Дін тақырыбында даярланған үздік материалдарға 1 млн теңге беріледі

  • Байқау діни экстремизм мен теріс ағымдардың алдын алу үшін қоғамдық деңгейде профилактикалық жұмыс ретінде ұйымдастырылып отыр. Оған Алматыда тіркелген БАҚ журналистері қатыса алады.

— Байқау қорытындысын арнайы құрылған әділқазылар алқасы шығаратын болады. Осы байқау арқылы халық арасында дұрыс емес бағыттағы идеологияны қабылдамайтындай иммунитет қалыптасады деген сенімдеміз. Қазіргі уақытта әрбір редакцияда дін саласында жазатын журналистер бар. Бірақ дін саласына қатысты білімді тұрақты түрде жетілдіріп отыруымыз керек. Алдағы қыркүйек айында беделді, белді тренерлерді шақырып, семинарлар өткізіп, дін саласына маманданған журналистерді даярлауды Алматы дін істері басқармасы жоспарлап отыр, — дейді ведомство бастығы Айдар Рахимжанұлы.

Ұлттық журналистік зерттеу орталығының жетекшісі Смайыл Дәрмен, журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы

Журналистика факультетінде өткен шара барысында оқытушылар, студенттер мен бірқатар журналистерге байқаудың барлық шарттары мен міндеттері жіті түсіндірілді. Атап айтар болсақ:

Байқау бірнеше аталым  бойынша өтеді:

  • Үздік әлеуметтік бейнеролик;
  • Үздік теле бағдарлама;
  • Үздік радио бағдарлама;
  • Интернет желісіндегі қазақ тіліндегі ең үздік материал;
  • Интернет желісіндегі орыс тіліндегі ең үздік материал;
  • Мерзімдік басылымдардағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;
  • Мерзімдік басылымдардағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;
  • Үздік интернет желі;
  • Әлеуметтік желілердегі ең үздік белсенді қоғамдық топ;
  • Ең белсенді блогер;

Басты қойылатын талап:

Қазақстанның зайырлы мемлекеттік құрылымын қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндіру; мемлекеттік саясаттың заңнамалық талаптарын ұғындыру; діни экстремистік ағымдарды әшкерелеу; дәстүр мен діннің өзара байланысын жеткізу; діни экстремизмнің алдын алу; теріс діни топтардың идеологиясы мен олардың зиянын ашып көрсету.

Байқауға қатысушылар жұмыстарын ұйымдастыру комитетіне жолдауы тиіс.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71-үй, ҚазҰУ-дың журналистика факультеті, №218 аудитория.

Байланыс телефоны: 8 777 565 40 78

Мынадай құжаттар қоса жіберілуі тиіс:

1) журналист туралы ақпарат:

– автор туралы мағлұмат /туған жері, күні, айы, жылы, телефон;

– жұмыс істейтін БАҚ анықтамасы.

2) байқау материалы жарияланған газет-журналдың түпнұсқасы, сайттағы материал скриншотпен және қағаздық нұсқасы, теле-радио бағдарламалардың DVD, CD форматындағы дискілерге жазылған нұсқасы (қағазға түсірілген нұсқасымен бірге).

Байқауға өтінімдер 2017 жылдың 1 маусым мен 1 қазан аралығында қабылданады. Жеңімпаздарды марапаттау 18 қазан – ҚР Рухани келісім күні мерекесі қарсаңында өтеді. Жүлденің жалпы қоры – 1 000 000 теңге.