Бүгін Ақтөбедегі терактіге бір жыл (Видео)

Дәурен Абаев видеоны Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. Видеодан лаңкестердің қолынан қаза тапқан Николай Онищенко, Берік Қалиев, Михаил Матросов, Мерхан Тәжібаев, Даниэл Майлыбаев, Досбол Сапар мен Андрей Максименконың туыстарын көруге болады. Олар қаза тапқандардың сол күнгі жоспарлары туралы айтады.

Еске салайық, 2016 жылы 5 маусымда Ақтөбеде лаңкестер тобы қару-жарақ дүкендеріне және әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Қалада антитеррористік операция режимі белгіленді. Лаңкестердің шабуылының салдарынан жеті адам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. 18 лаңкестің көзі жойылды.

Осы терактіге қатысты істе 30 күдікті (9 лаңкес, 18 мәлімет беруші мен қылмысты жасырды делінген 3 адам) сот алдында жауап берді.

Теракт кезінде қаза тапқан 4 адамның отбасына 5 миллион теңгеден берілді.