Ақтөбеде лаңкестер шабуыл жасаған дүкен қожайыны жауапқа тартылады

Олардың айтуынша, қару-жарақ сөрелері тиісті қауіпсіздік талаптарына сай емес. Нәтижесінде шабуыл жасаған қылмыскерлер 20-ға жуық мылтықты оңай иемденген. Осыған байланысты дүкен басшылығына қатысты Қылмыстық кодекстің 289-бабына («Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау») сәйкес іс қозғалды.

Ақтөбе облыстық прокуратурасы І-басқармасының бастығы Маратбек Мырзамұратовтың айтуынша, бұл жағдай бойынша тиісті бағалар беріледі. «Бұл Қылмыстық кодекстің бабы бойынша 300 АЕК жауапкершілікпен және 72 тәулікке қамауға алынады. Уәкілетті тұлға осындай жауапкершілікке тартылуы мүмкін», — деп хабарлады ол.

Сонымен қатар, телеарна тілшілерінің мәліметінше, қарулы шабуылдардан соң елімізде 40 тәулікке созылған террористік қауіптің сары деңгейі 16 шілдеде аяқталады. Алайда қатаң қауіпсіздік шаралары сақталып қалмақ екен. Мәселен, Атырау халықаралық әуежайы ғимаратының кіреберісіне биыл қосымша қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кеңейтіледі. Оған бірінші желі бойынша іске қосылған рентген-телевизиялық қондырғы қойылмақ. Сондай-ақ, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін кинологиялық қызмет құрылмақ, ол үшін екі штат бөлініп отыр.

Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбеде лаңкестер тобы қару-жарақ дүкендеріне және әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Қалада антитеррористік операция режимі белгіленді. Лаңкестердің шабуылының салдарынан жеті ажам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. 18 лаңкестің көзі жойылды.

Дереккөзtengrinews.kz