Роналду Еурокубок ойындарындағы 100-голын соқты

Криштиану Роналдудың «Бавария» қақпасына соққан екінші голы еурокубоктағы 100-голы болды. Футболшы Чемпиондар лигасында – 97 гол, УЕФА Суперкубогында – 2 гол, Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінде 1 гол соққан. Роналду 100 голды 135 ойында соқты.

Португалдық шабуылшы еурокубок ойындарында 100 гол соққан алғашқы футболшы атанып отыр. Осыған дейін мұндай жетістікті бірде-бір футболшы бағындырмаған. Роналдуды өкшелеп Лионель Месси келеді. Ол еурокубок ойындарында 97 гол соққан.

Еурокубок ойындарының ең үздік сұрмергендері:
1. Криштиану Роналду – 100 гол
2. Лионель Месси – 97 гол
3. Рауль – 76 гол
4. Филиппо Индзаги – 70 гол
5: Герд Мюллер – 69 гол

ДереккөзVesti.kz