Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Республикамыздың аумағы арқылы ауысатын ауа ағындары жаңбыр, найзағай, кей жерлерге бұршақ шақырады, желдің ұйытқуы 15-20 және екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін.

Егер алдағы екі тәулікте көптеген облыстарда (батысты қоспағанда) ауа температурасы қалыпты жағдайда немесе нормадан жоғары болады деп күтілсе, дүйсенбі күні Қазақстанның барлық аумағында температура климаттық нормадан 3-6º С-қа төмендейді.

Астана қаласына арналған консультативтік ауа райы болжамы

3 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.

4 маусым: күн ала бұлтты, таңертең және күндіз кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа қарай ауысып, оның екпіні 9-14, күндіз 15-20 м/с-қа жетеді.  Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.

5 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +18+20°С. Алматы қаласына арналған консультативтік ауа райы болжамы

3 маусым: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні  — 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +29+31°С.

4 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің екпіні  — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С.

5 маусым: күн ала бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің екпіні  — 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.

ДереккөзInform.kz