Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы қаласы, тұрғын үй, ауа сапасы, ауа райы
Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz

Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

13 шілдеде Астана қаласында, түнде Өскемен, Риддер және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болуы мүмкін, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook