Басты бет / Жаңалықтар /
серуен, ағаш, ауа райы
Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz

Қазақстанның кей өңірінде +45 градусқа дейін ыстық болады

13 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы +45 градусқа дейін көтерілсе, бірқатар облыста өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, ең ыстық ауа райы Қызылорда облысында болады. Мұнда күндіз ауа температурасы +43…+45 градусқа дейін көтеріледі. Түркістан облысында +41…+43, Жезқазған мен Шымкентте +39…+41, Таразда +37…+39, Қонаевта +36…+38 градус ыстық күтіледі.

Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы +34…+36 градусқа дейін жетеді. Астанада да күн ашық болып, термометр бағаны +35…+37 градусты көрсетеді.

Батыс және солтүстік өңірлердің бір бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Ақтөбе, Орал, Қостанай, Көкшетау және Петропавлда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл қалаларда күндізгі ауа температурасы +30…+36 градус аралығында болады.

Өскемен, Семей, Павлодар, Қарағанды, Талдықорған, Ақтау және Атырауда жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +32…+36 градус шамасында сақталады.

Мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта жүрмеуге, жеткілікті мөлшерде су ішіп, күннен қорғану шараларын сақтауға кеңес береді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram