Басты бет / Жаңалықтар /
Өрт сөндіру, ТЖМ, орман
Фото: ТЖМ

Қазақстанда бір күнде 3 орман өртенді

11 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, өрт ошақтары Шығыс Қазақстан облысында, Семей орманы мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында және Жасыл Аймақ аумағында анықталған. Әр аумақта бір өрттен тіркелген.

Өрттер мемлекеттік орман күзеті жүргізген патрульдеу барысында анықталған. Оқиға орындарына орман күзетінің қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мамандары жедел жұмылдырылды.

Министрліктің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысындағы өртті оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге арнайы техника, Ми-8 тікұшағы және авиациялық өрт сөндіру десанты тартылған.

Ал «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында шыққан өрт толықтай сөндірілді. Министрлік жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook