Басты бет / Жаңалықтар /
Жеки Чан
Фото: Kaspi.kz

Жеки Чан Қазақстанда «Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

Алматыда аңыз актер Жеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» фильміне арналған баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жобаның бас серіктесі болған Kaspi.kz іс-шара барысында актерге Kaspi Gold картасын табыстады.

Kaspi.kz басшысы әрі тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзенің айтуынша, компания үшін әлемге әйгілі актерді Қазақстанда қарсы алып, оның жаңа жобасына қолдау көрсету – үлкен мәртебе.

Жеки Чанды Қазақстанда қарсы алып, оның жаңа фильмінің түсіріліміне қолдау көрсету біз үшін үлкен қуаныш. Бұл жоба елімізге әлемнің назарын аударып, Қазақстанды жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді. Жеки Қазақстанмен бұрыннан таныс. Бірақ біз оның еліміздің күнделікті тыныс-тіршілігін толық сезінуі үшін міндетті түрде Kaspi Gold қажет деп шештік. Ол арқылы Жеки заманауи Қазақстанның өмірімен жақынырақ танысып, түсірілім кезінде өз үйіндей жайлы сезіне алады, – деді Михаил Ломтадзе.

Жеки Чан
Фото: Жазира Пірімқұл

Ол сонымен қатар жобаны жүзеге асырып жатқан Sәlem Entertainment пен Adal Investments компанияларына алғыс айтып, фильм тобына сәтті түсірілім тіледі.

Жеки Чан Қазақстанға қайта келгеніне қуанышты екенін айтып, жобаға атсалысып жатқан барлық серіктеске ризашылығын білдірді.

Осы жерде болғаныма, Қазақстанға қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Ең алдымен Kaspi.kz пен Sәlem Entertainment-ке, режиссерге және осы жобаның жүзеге асуына аянбай еңбек сіңірген барша жанға шын жүректен алғысымды білдіремін. Фильмнің түсірілімін бастауды асыға күтіп жүрмін. Бұл үлкен сынақ екенін білемін, бірақ сонымен бірге ерекше шабыт сыйлайтын, зор қуаныш әкелетін жұмыс. Баршаңызды жақсы көремін. Рақмет! – деді актер.

«Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» – әлемге танымал «Құдіретті сауыт-сайман» франшизасының жаңа бөлімі. Картинада Жеки Чан әйгілі кейіпкердің рөлін қайта сомдайды.

Фильмнің түсірілімі Алматы және Маңғыстау облыстарында өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл орындарды Жеки Чан 2025 жылдың соңында Қазақстанға жасаған сапары кезінде өзі таңдаған.

Жобаның бастамашылары – Sәlem Entertainment және Adal Investments. Ал фильмнің әлемдік тұсаукесері 2027 жылғы ақпан айына жоспарланған.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok