Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, еліміздің көптеген өңірінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс облыстарда бұршақ жауып, екпінді жел соғуы ықтимал.
Ал шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктердің айтуынша, жауын-шашынға қарамастан, республика аумағында аптап ыстық бәсеңдемейді.
Күндіз ауа температурасы елдің басым бөлігінде +33…+40 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде +38…+45 градусқа дейін жетіп, қатты әрі өте қатты ыстық болады.
