Еліміз биыл 12 миллион тонна астық экспортқа шығарады. Бұл туралы мәжіліс депутаттарының сауалына премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің жауабында айтылған.
Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штабта жиын-терімді үздіксіз жүргізу үшін фермерлерді барлық қажет құралдармен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 13,6 млн га астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 14,8 ц/га болғанда 20 млн тоннадан астам астық бастырылды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет резервінен отандық аграрийлерден 4-ші, 5-класты және классыз бидай сатып алуға қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды.