Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Спорт министрлігі: Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыруға қатысты ақпарат жалған

Фото: instagram.com/bibisarachess

Не болды?

Спорт вице-министрі Серік Жарасбаев шахматшы Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Парламентте журналистердің сауалына жауап берген вице-министр бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыру мәселесі қаралып жатқан жоқ. Бұл әңгімені кім және не үшін көтергенін білмеймін, – дейді Серік Жарасбаев.

Вице-министрдің айтуынша, Бибісара – Қазақстанның нағыз патриоты және ел спортының тарихында ерекше жетістікке жеткен спортшы.

Қазақстан шахматы тарихында алғаш рет әлем чемпионатында үш жыл қатарынан алтын медаль жеңіп алған спортшымыз бар. Сондықтан біз Бибісараға үлкен құрметпен қараймыз. Қаржы мәселесіне қатысты барлық сұрақ толық шешімін тапты, – деп жауап берді спорт министрлігінің өкілі.

Серік Жарасбаевтың айтуына қарағанда, жақын арада Бибісара Асаубаева Астанаға келіп, президент жарлығымен мемлекеттік наградасын алады.

Контекст

Естеріңізге салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева президенттен көмек сұрап, үндеу жасады. Ал спорт министрлігі бөлінген қаржының аз екенін айтып, шахмат мемлекет қаржаландыратын спорт тізіміне енбегенін мәлімдеді.

Мақалаға реакция