Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Қаражат шектеулі». Спорт министрлігі Бибісара Асаубаеваға жауап берді

Фото: instagram.com/bibisarachess

Не болды?

Халықаралық гроссмейстер, әлемдік рейтиңнің үздік бестігіне кіретін шахматшы Бибісара Асаубаеваның шағымы жайлы туризм және спорт министрлігі баспасөз отырысын өткізіп, жалақы мәселесінің мән-жайын түсіндірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев 2023-2024 жылдары спортты дамыту дирекциясы арқылы спортшыға ай сайын, шамамен 1 миллион теңге жалақы төленгенін айтты. Кейін дирекция жалақыны қысқартып, 300-350 мың теңге төлеген. Өйткені 2025 жылы спорт түрлері жайлы жаңа заң қабылданған еді. Шахмат мемлекет қаржаландыратын спорт тізіміне енбеген.

Биыл Бибісараның дайындығына 210 миллион теңге бөлінді

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, министрлік шахматшы командасымен бірге қолдау қоры арқылы қаржыландыру мәселесін қарастырып, өтінім мақұлдаған. Нәтижесінде халықаралық жарыстарға дайындалу үшін 100 миллион теңге бөлінген.

Бибісара қордан қосымша қаржы алуды меңзеген болуы мүмкін. Алайда қазір қорда қаражат шектеулі. Біршама федерациялар мен ірі халықаралық спорттық жобаларды қаржыландыру қажет. Сондықтан биыл қолдау қаражаты 100 миллион теңгемен шектелді. Ал 2024 жылы — 63 миллион теңге, 2025 жылы — 79 миллион теңге бөлінген. Бұл сома бір спортшының халықаралық деңгейде дайындалуына жеткілікті болуы керек деп есептеймін, — дейді Серік Жарасбаев.

Жалпы биыл Бибісара Асаубаеваның дайындығына шамамен 210 миллион теңге бөлінді. Былтыр 160 миллион теңге бөлінген еді.

Контекст

Естеріңізге салайық, Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионы болған спортшыға 2 мың доллар ғана сыйақы қарастырылса, олимпиада жүлдегеріне 250 мың доллар берілетінін айтып, жалақысының аз екеніне шағым айтқан еді.

Мақалаға реакция