Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Енді Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы кей өткізу бекеті тәулік бойы істейді

Фото: Аkorda.kz

Не болды?

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы бірқатар өткізу бекетінің жұмыс тәртібі өзгереді. Енді екі ел арасындағы кей пункт тәулік бойы істейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мәжіліс депутаттары екі ел арасындағы өткізу бекетінің қызметіне қатысты хаттаманы ратификациялады.

Құжат бойынша «Сырдария – Малик» және «Целинный – Ок олтин» өткізу бекетінің мәртебесі «екіжақты» санатынан «халықаралық (көпжақты)» санатына ауысады. Сонымен қатар олардың жұмыс режимі күндізгі уақыттан тәулік бойы істейтін режимге өзгереді.

Мәжілістің мәліметінше, бұл өзгеріс өткізу бекетіндегі жолаушы ағынын азайтып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы транзит-көлік әлеуетін дамытуға бағытталған.

Контекст

Естеріңізге салайық, бүгін парламент мәжілісінің соңғы отырыс өтті. Қорытынды жиында палата төрағасы Ерлан Қошанов сөз сөйлеп, VIII шақырылымның атқарған жұмысы жайлы айтты.

Мақалаға реакция