Не болды?
Биыл ел тарихында тұңғыш рет мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоровқа сыйақы төленді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар төленді. Ал үздік алтылыққа енген конькиші Надежда Морозоваға 5 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы тағайындалды.
Сонымен қатар спортшылармен бірге олардың бапкерлері де марапатталды. Нәтижесінде екі спортшы және бес жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды.
Төлемдер Олимпиада жүлдегерлерінің бас, жеке және алғашқы жаттықтырушыларына берілді.
Бұдан бөлек Олимпиада жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы орган тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларды коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін баспанамен қамтамасыз етеді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Михаил Шайдоровтың жалақысы толық төленгені хабарланды.
