Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жетісу облысында 6000 тұрғынның газ төлемі заңсыз есептелген

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Не болды?

Жетісу облысындағы «РЦКУ-Талдықорған» ЖШС 6000 тұрғынның газ төлемін заңсыз есептелген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Бас прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында «РЦКУ-Талдықорған» ЖШС-ның халыққа қызмет көрсету кезінде заң бұзғаны анықталды. Бұл компания үйдегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жұмыстары орындалмаса да, жүйелі түрде төлем есептеген. Іске аспаған қызметтерді жасырып, әрекетін заңды сипатта көрсету үшін серіктестермен бұрмаланған құжаттар рәсімдеген. Ал қала тұрғындарының атына жалған орындалған жұмыстар актілерін ұсынған.

Талдау қорытындысы бойынша, 6 000 тұрғынға есептелген төлем жойылды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, ішкі істер министрлігі «көңіл көтеретін» газ азот оксидіне қатысты ескерту жасап, 1,5 мыңнан астам баллон және екі автоцистерна тәркіледі.

Мақалаға реакция