Басты бет / Жаңалықтар /
өрт сөндіруші, ТЖМ, өрт
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Семейдегі көпқабатты үйден өрт шықты

Не болды?

Семейдегі көпқабатты үйден өрт шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, Семейдегі Жамақаев көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерден өрт шықты. Қызыл жалын салдарынан балкон, жиһаз бен тұрмыстық техника өртеніп, өрт 10-қабаттың балконына дейін тарады.

Өрт сөндіруші қызметкерлер дереу оқиға орнына барды. Өрттің жалпы ауданы — 37 шаршы метр. Өрт сөндірушілер өрттің 10 қабаттағы пәтерге таралуына тосқауыл қойды, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматы хайуанаттар бағы аумағында 9 маусымға қараған түні өрт шыққан еді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram