Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс азайды

Фото: Нұрназар Әмзе
Елімізде тұрғын үйді сатып алу сұрасыны азайған. Биылғы мамырдағы сату-сатып алу рейтиңі сәуірдегі көрсеткіштен 13,5% азайды. Үй сату мен сатып алу деңгейі бойынша Астана, Алматы қаласы мен Қарағанды облысының тұрғындары көш бастап тұр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мамырда 30 420 үй сатылған

2026 жылғы мамыр айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 420 мәміле тіркелген. Сәуірдегі дерекпен салыстырғанда (35 154) сату мен сатып алу деңгейі 13,5% азайды.

Тұрғын үйге сұраныс жоғары қалалар:

  • Астана – 5 122 (16,8%);
  • Алматы – 4 925 (16,2%);
  • Қарағанды облысын – 2 630 (8,6%).

Үйге сұраныс ең аз аймақ — Ұлытау облысы. Бұл өңірдің тұрғындары үй жайлы жалпы 261 келісім жасаған.

Сатылған үйдің 76,9%-ы — көппәтерлі тұрғын үй

Тұрғын үй сату мен сатып алу бойынша сұраныс азайған аймақтар:

  • Қызылорда  облысында (-35,5%);
  • Алматы қаласында (-24,2%);
  • Ұлытау облысында (-19,4%).

Мамырда сатушылар мен сатып алушылар 23 381 (76,9%) көппәтерлі тұрғын үйге қатысты келісім жасаған. Демек көппәтерлі тұрғын үйге сұраныс артып жатыр. Оның ішінде екі бөлмелі пәтерлер бойынша 8 681 келісім тіркелген.

***

Тағы оқыңыз:

Тұрғын үй несиесін қайта қаржыландырудың мерзімі өзгерді

 

Мақалаға реакция