Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Шымкент — Түркістан тасжолы аптап ыстықтан балқып жатыр

Не болды?

Шымкент — Түркістан тасжолы аптап ыстықтан балқып жатыр. «Шымкент — Түркістан» тасжолы мен Солтүстік айналма жолды полиция бақылап жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

«ҚазАвтоЖол» мекемесінің мәліметінше, мониториң барысында төрт учаскеде ақау бар екені анықталған. Қазір жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін уақытша белгілер орнатылды. Арнайы бригада жолдағы плиталарды қалпына келтіріп жатыр. Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілеріне жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмау керек екенін ескертті.

15 күндей күн қатты ыстық болды. Түркістан облысында ауа температурасы 35-42 С көтеріліп жатыр. Қазір асфальт балқып жатқан төрт аумақты анықтадық. Оны қалпына келтіріп жатырмыз. Метрология дерегіне қарағанда, осы бір ай көлемінде аптап ыстық болады. Сондықтан ауа райын бақылап, кезекшілік бойынша тәулік бойы жұмыс істейміз, — дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Ербол Пірімбетов

Контекст

Естеріңізге салайық, ұзындығы 500 шақырымға жуық «Орал–Атырау» тасжолында 8,5 млрд теңгелік жөндеу жұмысы жүргізілді. 

Мақалаға реакция