Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыдағы базарда 13 мың заңсыз тауық жұмыртқасы анықталды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Алматыдағы базарда 13 мың заңсыз тауық жұмыртқасы анықталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне қарғанда, ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан құс өсірушілер одағы бірлесіп, сауда нысандарында ветеринариялық қауіпсіздікті тексерді. Бақылау барысында «Барыс-IV» базарынан ветеринариялық құжаты жоқ, арнайы қаптамасыз сатылымға шыққан 13 680 дана тауық жұмыртқасын анықтады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға сәйкес, кінәлі саудагерлерге 1 297 500 теңге айыппұл салынды. Өнімді жою процесі адам мен жануарлардың денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін тағам өнімдерін жою жайлы үкіметтің №140 қаулысы бойынша, тіркіленген жұмыртқа «Беккер шұңқырына» тасталды, — делінген хабарламада.

Бірлескен бақылау тобы бөлшек сауда ұйымдарының басшыларына ветеринариялық-санитариялық талап жайлы ескерту айтты.

Контекст

Естеріңізге салайық, «Алтын орда» базарында азық-түлік бағасын өсірген жеті саудагердің қызметі шектелген еді. 

Мақалаға реакция