Алматы хайуанаттар бағы аумағында 9 маусымға қараған түні өрт болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Зообақтың баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт түнгі сағат 00:30-дан кейін хайуанаттар бағы аумағында орналасқан жалға алушыға тиесілі фотосалон бутигі мен оның жанындағы экскурсиялық гольф-карлардан шыққан.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жедел жетіп, тілсіз жауды қысқа уақытта оқшаулап, толықтай сөндірген.

Зообақ өкілдерінің айтуынша, қазір өрттің шығу себептері құзырлы органдар тарапынан анықталып жатыр. Оқиға салдарынан хайуанаттар бағының негізгі мүлкіне зиян келмеген. Сонымен қатар қызметкерлер мен жануарлар арасында зардап шеккендер жоқ.
Қазір Алматы хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
