Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Не болды?

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Зардап шеккен медицина қызметкері полиция шақырды. Бұл туралы Bаribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Pavlodarnews.kz басылымының мәліметі бойынша, 10 маусын күні сағат 14:57-де қала тұрғыны көшеде жатқан бейтаныс ер адамға көмек беру үшін жедел жәрдем шақырған. Алайда жедел жәрдем қызметкері ер адамға медициналық көмек беріп жатқан сәтте әлгі ер адам ашуға бой беріп, пышақпен бригадаға шабуыл жасады. Оқиға Назарбаев даңғылы, 89-үйдің ауласында болған.

Ер адам жүргізушіні ұрып, кейін көліктің салонына кіріп, ойран салған. Ол дәрі-дәрмек ампулаларын сындырып, медициналық құрал-жабдықтарды көліктен лақтырып жіберген, — делінген хабарламада.

Зардап шеккен медицина қызметкерлері полиция шақырып, шабуыл әрекеті бойынша арыз жазды.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астанада жедел жәрдем қызметкеріне қол көтерген ер адам сотталған еді. 

Мақалаға реакция