Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Алтын орда» базарында азық-түлік бағасын өсірген 7 саудагердің қызметі шектелді

Фото: Ерқанат Аманкел

Не болды?

«Алтын орда» базарында азық-түлік бағасын өсірген жеті саудагердің қызметі шектелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, өңірлік комиссия «Алтын орда» базарындағы 13 сауда субъектісін жоспардан тыс тексеріп, азық-түлік бағасын өсуруге ықпал еткен жеті саудагердің қызметін тоқтатты.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын бақылау кезінде заң талаптарын бұзған саудагерлер анықталды. Атап айтсақ, ЖК «Омаров», Iceberg Distribution ЖШС мен «Ар Диас» ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін төмен бағада сатып алып, кейін басқа саудагерлерге 17%-дан 86%-ға дейін қымбат бағада қайта сатқан.

Биылғы бақылау нәтижесінде 171 сауда субъектісіне қатысты жалпы 3,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, — делінген хабарламада.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстанда шетелдік азық-түлікке тыйым салынуы мүмкін.

Мақалаға реакция