Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Алматыда LRT мен SkyTrain салынады

Фото: Аlmaty-lrt.kz

Не болды?

Алматының инфрақұрылымын дамыту мақсатында LRT желісі мен SkyTrain жүйесі салынады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Дархан Сатыбалды Қытайдың көлік саласындағы жетекші компанияларымен кездесу барысында LRT желісін салу, SkyTrain жүйесін енгізу және метрополитенді одан әрі кеңейту жобаларын талқылады. Кездесуге China Civil Engineering Construction Corporation (CCECC), China Railway Rolling Stock Corporation (CRRC) және басқа да ірі кәсіпорындардың басшылары келді.

Келіссөз қорытындысы бойынша, қалалық жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы, CRRC компаниясы мен Integra Construction KZ ЖШС бірлесіп, LRT жобасын іске асыру жайлы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, қытайлық компаниялар консорциумы мен Integra Construction KZ ЖШС SkyTrain желісін салу туралы келісім жасады, — делінген хабарламада.

Контекст

Есеріңізге салайық, Алматыда көлік жүйесі жаңартылып, LRT желісінің құрылысына дайындық басталды.

Мақалаға реакция