Не болды?
Ішкі істер министрлігінің құқықтық тәртіпті нығайту шарасы бойынша биыл 1200 қару-жарақ тәркіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Polisia.kz дерегінше, кейінгі бес айда 1200-ден астам қылмыстық айналымдағы қару тәркіленді.
Оның ішінде:
- 18 автомат; екі гранатаатқыш;
- 320-дан астам тапанша;
- 100-ден астам ойық ұңғылы қару;
- 700 тегіс ұңғылы мылтық;
- қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған 120 қару да бар.
20 сәуірден бастап жыл соңына дейін халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы жүріп жатыр. Қазір азаматтар шамамен 750 түрлі қару мен 4 мыңға жуық оқ-дәріні ерікті түрде тапсырды, — дейді ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Заңсыз қару-жарақты ерікті түрде тапсырған азаматтарға қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік жүктелмейді. Ішкі істер министрлігі азаматтар заңсыз қаруды тапсыру арқылы қоғамдағы қауіпсіздікке үлес қосатынын хабарлады.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыда «Рубеж» стационарлық бекетінің бірінде полиция қызметкерлері суық қару тасымалдап, күдікке ілінген ер адамды ұсталды.
