Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

ІІМ «көңіл көтеретін» газ азот оксидіне қатысты ескерту жасады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Қазақстанда «көңіл көтеретін» газ азот оксидінің заңсыз айналымына қарсы күрес күшейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов мәлімдеуінше, 1 қаңтардан бастап қылмыстық кодекстің 301-бабына сәйкес күшті әсер ететін заттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік енген. Мұндай заттардың қатарында жастар арасында кең тараған азот оксиді бар.

ІІМ мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарында бұл іске қатысты рейд өткізіп жүр. Нәтижесінде жыл басынан бері республика бойынша 49 заңсыздық анықталған

Рейд барысында 1,5 мыңнан астам баллон және екі автоцистерна тәркіленді. Сонымен қатар көрші елдердің бірінен азот оксидін жеткізу ісі әшкереленді. Барлық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді комитет өкілі.

Заң талаптарын бұзған тұлға сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ІІМ түнгі ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілерін азот оксидін таратуға жол бермеуге шақырып, оны сақтау, тасымалдау немесе сатуға қатысы бар азаматтардың барлығы заң алдында жауап беретінін ескертті.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматы облысында есірткі өндірген шетел азаматтары 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Мақалаға реакция