Не болды?
Алматы облысында есірткі өндірумен айналысқан жеті шетел азаматы 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Бас прокуратураның мәліметі бойынша, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты синтетикалық есірткі өндіріп, оны сатқан трансұлттық қылмыстық топтағы жеті шетел азаматына үкім шығарды. Полиция қызметкерлері үш жасырын есірткі зертханасын тапты. Сонымен қатар үш тұрғын үй, автокөліктер мемлекет есебіне өтті.
Тінту барысында 90 кг-нан астам дайын синтетикалық психотроптық заттар, 1 тоннадан астам прекурсорлар, химиялық компоненттер мен оны дайындауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы құны — 1,5 млрд теңгеден асады, — деләнген хабарламада.
Сот қылмыскерлерді 19 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру бойынша үкім шығарды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар алты жасөспірім ұсталған еді.
