Не болды?
Американың Remitly компаниясы әзірлеген Immigration Index 2026 халықаралық рейтиңінде Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастады. Рейтиңде көші-қонға ыңғайлы елдердің тізімі көрсетілген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, 82 мемлекет бар тізімде Қазақстан 53-орынға тұрақтап, рейтиңге енген ТМД елдерінің барлығынан жоғары нәтиже көрсетті.

Рейтиңде Молдова 56-орынға, Әзербайжан 66-орынға, Армения 74-орынға, ал Өзбекстан 75-орынға жайғасқан. Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Украина бұл зерттеуге енбеген.
Индекс авторлары елдерді 16 санаттың 34 түрлі көрсеткіші бойынша бағалаған. Олардың қатарында қауіпсіздік, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің сапасы, экологияның ахуалы, жұмысқа орналасу мүмкіндігі, өмір сүруге қажет шығын, тұрғын үй бағасы, көлік инфрақұрылымы, отбасыға көрсетілетін қолдау және мигранттар қауымдастығының болуы бар.
Рейтиңде бірінші орынды Швейцария иеленді.
Контекст
Естеріңізге салайық, министрлік шетел азаматына ЖСН рәсімдеуді жеңілдетпек.
