Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Түркістанда бір жасар бала дәретхана шұңқырына құлап кетті

Фото: Depositphotos.com
Түркістан облысының Темірлан ауылында бір жасар бала жекеменшік үй ауласындағы дала дәретханасының шұңқырына құлап кеткен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 112 қызметіне 2025 жылы туған баланың дәретхана шұңқырына түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткенге дейін ересектер баланы өз күштерімен шығара алмаған.

Шақырту бойынша оқиға орнына жедел жеткен Түркістан облыстық ТЖД құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен баланы абайлап шығарып алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Ведомствоның хабарлауынша, бүлдіршінге қажет медициналық көмек көрсетілген.

Осыған байланысты ТЖМ ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырып, ауладағы қауіпті нысандардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігін ескертті.

Мақалаға реакция