Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Елде 140 мыңнан астам жол белгісі тексеріледі

Фото: Ерқанат Аманкел

Не болды?

Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдардағы жол белгісін тексеру науқаны басталды. Шара жол қозғалысын реттеп, инфрақұрылымның  нормативтік талаптарын орындау мақсатында ұйымдастырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Көлік министрлігінің мәліметінше, барлық жол белгісіне мониториңді жол активтері сапасының ұлттық орталығы жүргізеді. Мамандар белгілердің дұрыс орналасуын, техникалық жағдайын, жүргізушіге көріну деңгейін және жол қозғалысына сәйкестігін тексереді.

Сонымен қатар жөнделген жолдарға ерекше назар аударылады. Тексеру барысында өзекті емес немесе артық қойылған уақытша жол белгісі алынып, орнына қажет белгі орнатылады.

Қазір республикалық маңызы бар жолдарда шамамен 140 мың жол белгісі бар. Қауіпсіздік бағдарламасы аясында жыл сайын орта есеппен 10 мыңға жуық белгі жаңарып келеді. Биыл қосымша 8 мыңға жуық жол белгісін орнату және ауыстыру жоспарланған.

Контекст

Естеріңізге салайық, Алматыда жаңа жол белгілері қойылып жатыр.

Мақалаға реакция