Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Тұрғын үй несиесін қайта қаржыландырудың мерзімі өзгерді

Фото: Отабсы банк

Не болды?

Тұрғын үй несиесін қайта қаржыландырудың мерзімі өзгерді. Енді азаматтар белгіленген мерзімге дейін қарызды төлеп отырса, қосымша қолдау алып, несие жүктемесін азайта алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, ұлттық банкінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгеріс енді. 2025 жылдың соңына дейін өтініш жодаған қарыз алушылар үшін 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін көмек беріледі. Сонымен қатар 2021–2025 жылдары өтініш бергендер де көмек ала алады. Банктер 2026 жылғы 1 қарашаға дейін мемлекетке есеп беруге тиіс.

Бұл өзгеріс қарыз алушыларға тиімді мүмкіндік беруге, жұмыс барысын жеңілдетуге және қаржы ұйымдарының жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Енді азаматтар белгіленген мерзімге дейін қарызды тұрақты төлесе, қосымша қолдау алып, несие жүктемесін азайта алады.

Кей жағдайда тұрғын үй қарыз алушының немесе жалға алушының меншігіне өтемақы төлемей берілуі мүмкін. Бұл — әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға үлкен жеңілдік. Егер банк немесе ұйым 10 жұмыс күні ішінде қосымша келісімдерге қол қоймаса, қолдау қоры келісімді мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. Бұл ретте қор өз қаражаты бойынша есептелген сыйақыдан айырылмайды, — делінген қаулыда.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстанда ипотеканы 20%-дан бастап қана емес, 5%, 3%, тіпті 1%-бен де рәсімдеуге болады. 

Мақалаға реакция