Не болды?
Қызылордада күніне 735 мың теңгеге дейін табыс табуды уәде еткен WornerBros қаржы пирамидасына сот үкімі шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қызылорда қаласының қаржы мониторингі департаменті жүргізген тергеу барысында күдіктінің қысқа бейнеролик пен фильм көру арқылы табыс табуға болады деген желеумен жүйеге адам тартқаны анықталған.
Тергеу мәліметінше, қатысушылар арнайы рефералды сілтеме арқылы тіркеліп, құны 10 мың теңгеден 11 миллион теңгеге дейінгі VIP-пакеттің бірін сатып алуға тиіс болған. Ұйымдастырушылар оларға тәулігіне 735 мың теңгеге дейін кіріс түседі деп уәде еткен.
Сонымен қатар әрбір жаңа қатысушыны тартқан адамға қосымша сыйақы беріліп отырған. Жүйеге жаңа салымшыларды үздіксіз қосу механизмі құрылған.
Қаржы пирамидасының жұмысы үшін WhatsApp мессенджерінде топтар ашылып, әлеуметтік желіге жарнама салынып, арнайы үгіт-насихат кездесулері өткен.
Тергеу барысында салымшылардың қаражатын қабылдау және аудару үшін қолданылған криптоәмияндар анықталды. Сот санкциясымен 3 миллион USDT болатын криптоактивтерге тыйым салынды.
Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар іс бойынша жәбірленуші деп танылған 24 адамның талап-арызы толық өтеледі.
Контекст
Естеріңізге салайық, маркетплейс атын жамылған қаржы пирамидасы әшкереленді.
