Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Министрлік шетел азаматына ЖСН рәсімдеуді жеңілдетпек

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Қазақстанға келген шетел азаматының ЖСН алу процесін жеңілдету көзделді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ішкі істер министрлі Ержан Сәденовтің мәлімдеуінше, қазір шетел азаматының көші-қон қызметіне онлайн жүгінуіне мүмкіндік беретін QazETA мобайл қолданбасы әзірленіп жатыр. Жаңа сервис іске қосылған жағдайда ЖСН-ді смартфон арқылы қашықтан рәсімдеуге болады.

Бұл бастаманы жүзеге асыру үшін заңнамаға түзету енуі керек, қазір жоба сенаттың қарауында.

Сонымен қатар ІІМ басшысы халықаралық әуежай мен шекарадағы ірі өткізу бекеттерінде шетелден келген азаматтарға QR-коды бар арнайы туристік карта таратылып жатқанын айтты. Картада Қазақстанда болу тәртібі, шұғыл қызметтердің байланыс нөмірі және ұялы байланыс операторлары туралы маңызды ақпарат қамтылған.

Контекст

Естеріңізге салайық, елімізде «Қазақстан Халық кеңесі туралы» конституциялық заң бекіді.

Мақалаға реакция