Не болды?
Үкімет Маңғыстау облысында аммиак пен карбамид өндіретін ірі өнеркәсіп кешенін салу жобасын мақұлдады. Жобада Ақтауда еліміздегі алғашқы карбамид зауыты бой көтереді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Бұл бастама мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген химия өнеркәсібін дамыту және өнім түрлерін кеңейту тапсырмасы шеңберінде жүзеге асады. Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Үкіметтің шешіміне сәйкес, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «KazAzot PRIME» ЖШС арасында Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу бойынша инвестиция келісімі жасалады.
Жобаның құны 800 миллиард теңгеден асады. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін жаңа жұмыс орны ашылып, ішкі нарықтың минералды тыңайтқышқа сұранысы артып және импортқа тәуелділік төмендейді.
Контекст
Естеріңізге салайық, Жамбыл облысында «ЕуроХим» компаниясының күкірт қышқылын өндіретін зауыты ашылды.
